«Пышақтар мен ұйықтататын дәрілер табылған»: Алматыда шатырдан құлаған қыздардың өліміне қатысты куәгерлер жаңа деректерді бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 14:30
928
«Пышақтар мен ұйықтататын дәрілер табылған»: Алматыда шатырдан құлаған қыздардың өліміне қатысты куәгерлер жаңа деректерді бөлісті бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда 7-сынып оқушысы сегізінші қабаттан құлап қаза тапқан оқиғаның куәгерлері жаңа деректерді бөлісті. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тұрғындар жеткіншектер секіріп кеткен жерден адамның бұлшық етін босатып, ұйықтататын әсері бар бірнеше дәрі тауып алған. Қазір оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Әзірге белгілісі екі оқушы сабақ ортасында мектептен шығып кеткен екен.

Тоғыз қабатты тұрғын үй қазір құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мектеп формасын киген екі қыз үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Таңғы сағат 10 шамасында жасөспірімдер көтеріңкі көңіл-күймен подъездердің біріне кіріп кеткен.

“Біреуінің беті төмен қарап жатты. Екіншісі былай. Мен оларды танымаймын. 25 мектептен дейді. Біреуі күрте киген, екіншісі рюкзакпен болды”,  – дейді оқиға куәгері Галина Васильева. 

Куәгерлердің айтуынша, қыздар шатырда жарты сағаттай болған. Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар шатырдан белгісіз препараттарды тауып алған.

“Ұйықтататын дәрілер, пышақтар, аяқ киімдер бар. Қысқасы, қыздар дайындалып келген. Оның үстіне олар құлаған кезде ешкім айқайлаған жоқ. Түсінесіз бе? Олар бірдеңе тұтынған”, – дейді оқиға куәгері. 

Бұл уақытта оқушы қыздардың неліктен сабақта болмағаны әзірге белгісіз. Қыздар оқитын гимназия әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты. Ал қалалық білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізіп жатыр, арнайы комиссия құрылған.

“Бүгін Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрды”, – деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Сондай-ақ Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің шатырлары мен шатырларға кіру жолдары тексерілетін болады.

“Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген