Өскеменде мүгедек балалары бар әйел өртенген үйді пана етіп жүр

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 15:15
792
Өскеменде мүгедек балалары бар әйел өртенген үйді пана етіп жүр бейнежазбадан алынған кадр

Өскеменде өрттен кейін қабырғасы ғана қалған үйде 60 жастағы әйел мүгедектігі бар балаларымен тұруға мәжбүр. Жалғыз басты ананы балаларымен қыстан қалай шығатыны алаңдатады. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 60 жастағы Рысқайша Молдаханованың өрттен кейін күл боп қалған үйде тұрып жатқанына бір жылдай уақыт болды.

Туа біткен ауытқулары бар балалар өзі жоқта электроплитаға киім түсіріп алған. Үйдің бәрі жанып кетті. Ана екі баласымен қатты зақымдалмаған бір бөлмені паналап отыр. Әйелдің айтуынша, ұлдары 19, 20 жасқа келсе де, өз бетінше тамақтанып, жүріп-тұра алмайды. Әйел өзінің де мүгедектігі барын жасырмады.

“Қалалық әкімдікке де, облыстық әкімдікке де бірнеше рет бардым. Тіпті, қабылдауда болдым. Жағдайымды, осындай үйде тұратынымды айттым. Көмектесетінін айтты, бірақ әзірше ешқандай нәтиже жоқ”, – дейді Рысқайша Молдаханова.

Бұған дейін азық-түлік сатып, саудамен айналысқан әйел кейінгі үш жылда жұмыс істемейді. Әкімдіктегілер мемлекет тарапынан отбасыға мүгедектік және ерекше балалардың күтіміне қатысты қажет көмек көрсетілгенін атап өтті. Әйелдің өтініштері де қарастырылып жатқанын айтты. 

“Бірнеше рет материалдық көмек көрсетілді. Балалардың сырқатына байланысты және  өміріндегі қиын жағдайға байланысты тұрақты жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ өрттен кейін мемлекет аясында біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Комиссияның шешімімен 250 мың теңге жәрдемақы берілді”, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Қазір отбасының кірісі белгіленген нормадан асып кеткенін алға тартқан әкімдіктегілер отбасының бір реттік және атаулы әлеуметтік көмек ала алмайтынын айтты. Олардың сөзінше, тегін уақытша баспана жоқ. Әйел екі баласымен зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығында тұруға келіскен еді. Алайда онда ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасалмаған. Ал анасы балаларын мамандандырылған мектеп-интернатқа бергісі келмейді. Ол жанашыр жандардан баспана алуға көмектесуді сұрайды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды