«Бір өлімнен аман қалды»: Димаш Құдайбергеннің құлап бара жатқан мобилографқа көмектескен сәті видеоға түсіп қалды

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 16:36
1029
«Бір өлімнен аман қалды»: Димаш Құдайбергеннің құлап бара жатқан мобилографқа көмектескен сәті видеоға түсіп қалды бейнежазбадан алынған кадр

Оператор сахнадан құлап кете жаздады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елордада 13-14 кыркүйекте "Астана Арена" стадионында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтіп, оған шет елдерден мыңдаған жанкүйер жиналды. Концерт кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалған.

Видеоны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын жазған.

Кадрлардан әншінің камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып құлап бара жатқанын байқап қол ұшын созғанын көруге болады. Құлап кететінін аңғармаған мобилограф осы сәт түсірілген видеоны жариялап былай деп жазған:

"Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем".

Желі қолданушылар Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, видео астына жақсы тілектерін қалдырған.

"Қандай қырағы", "Димашның көзі қыранның көзіндей, періште сынды жігітті оқыс жағдайдан құтқарды", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, 13 қыркүйекте Астанадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің STRANGER атты жеке концерті өтті.

Мәдени кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Чехия, Венгрия, Финляндия, Өзбекстан, Германия, Норвегия, Түркия және т.б. елдер бар.

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертінен кейін жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кеткені түсірілген видео желіде тарап кеткен еді.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады