«Айғайлап жібердім»: Нұралы Әліп матч кезінде бразилиялықпен ерегесіп қалды (ВИДЕО)

17.09.2024, 17:07
1192
«Айғайлап жібердім»: Нұралы Әліп матч кезінде бразилиялықпен ерегесіп қалды (ВИДЕО) ria.ru

Нұралы Әліп пен бразилиялық легионері төбелесіп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Санкт-Петербургтік "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп "ЦСКА"-ға қарсы кездесуде орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді.

14 қыркүйекте "Зенит" футбол клубы Ресей премьер лигасының 8-туры аясында мәскеулік "ЦСКА" командасына қарсы кездесу өткізген болатын. Бұл матчта "Зенит" клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал "Зенит" сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Нұралы Әліп матчтың екінші таймында Вильмар Барриостың орнына шықты. Ойынның 80-минутында Нұралы Әліп пен "ЦСКА" клубының бразилиялық легионері Барбоза Мойзес арасында қақтығыс орын алады. Нәтижесінде екі ойыншыға бас төреші сары қағаз көрсетті. 

"Негізі айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Бұл – ойынның бір бөлігі, эмоция. Бәрі бұрыштамадан көтерілген доптан басталды, сол кезде Мойзес мені итеріп жіберді, мен де сәл ашуланып кеттім. Кейін мен ойынды жалғастырып, төрешіге фол бар ма, жоқ па деген сыңайда қарадым. Төреші ойынды жалғастыруға белгі берді. Сол кезде эмоциям еркімнен тыс шығып кетіп, айғайлап жібердім", - деді Нұралы Әліп "Матч ТВ" арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, бас бапкер Сергей Семак баптайтын "Зенит" футбол клубы 8 турдың нәтижесі бойынша 20 ұпай еншілеп, турнир кестесінде топ бастап келеді. Ал "ЦСКА" клубы 13 ұпайды қанжығасына байлап, 5-орынға жайғасқан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды