Сенсация: Шахмат олимпиадасында Бибісара Асаубаева жеңіске жетті

17.09.2024, 18:33
1833
Сенсация: Шахмат олимпиадасында Бибісара Асаубаева жеңіске жетті жеке мұрағатынан

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан командасымен кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 қыркүйекте Будапештте (Венгрия) 45-ші шахмат олимпиадасының бесінші раунды өтті, онда Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан командасымен кездесті. Жасөспірімдер арасында fide рейтингінде екінші орын алған қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева fide әйелдер рейтингінде 11-ші орын алған Харика Дронаваллиді жеңді. Бұл туралы Ulyssport.kz жазды.

Партия 46-шы қадамда Асаубаеваның сәтті қадамынан кейін аяқталды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына 1 ұпай сыйлады.

Алайда барлық кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық құрама жеңіске жете алмады. Ксения Балабаеваның тең ойынына қарамастан, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нурманның жеңілістері Қазақстанның бесінші раундта жеңілісіне әкелді. Оның қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы 8 ұпаймен 12-ші орынды иеленді.

Сол күні Қазақстан ерлер құрамасы Румыния құрамасына қарсы ойнады. Команданың барлық мүшелері – Денис Маһеев, Қазыбек Нөгербек, Рамазан Жалмахановтар өз партияларын тең аяқтады. Тек Алдияр Ансат Румын шахматшысы Мирче-Эмилиан Пирлиграсқа жол берді. Келесі раундта Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Африка Республикасының командасымен кездеседі.

Алтыншы раундта Қазақстан әйелдер құрамасы Куба командасына қарсы ойнайды, алайда Бибісара Асаубаева бұл кездесуге бастапқы құрамға кірген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды