«Мемлекеттік тілімізді қорламаңыздар»: Ринат Зайытов вице-министрге ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 09:50
737
«Мемлекеттік тілімізді қорламаңыздар»: Ринат Зайытов вице-министрге ескерту жасады parlam.kz

Өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын деді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шетелде жылжымайтын мүлкі бар адамдарға неге салық қарастырылмағанын сұрады. Сонымен қатар қазақша сөйлеуге тырыспайтын шенеуніктерге ескерту жасады.

Сұрағымнан бұрын ескертуімді қабыл алыңыздар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында «Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді» деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, әкесінің аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында екі сөйлем қазақша айтып, артында екі сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын, - деп ескертуден бастады сөзін Мәжіліс депутаты.

Сонан соң Зайытов Дубайда пәтері бар қазақтарға тоқталып, ондағы пәтер құнының ең кемі 500 млн теңгенің айналасында екенін алға тартты.  

Енді сұрақтарыма көшейін. Дубайдың өзінде үш мыңға жуық пәтері бар қазақтар анықталды. Шетелде жылжымайтын мүлкі бар адамдарға неге салық қарастырылмаған, неге оларға салық салынбайды? Сонда біз олардың табысты жасыруға бөгет болатын едік. Зейнетақы табыс салығы деген бар. Оны жақсы білесіздер. Ол негізінде таза алдау деп ойлаймын. Өйткені зейнетақы табыс емес, жинақ. Жинаған ақшадан табысын ол әрбір айлығында төлеп тастаған. Сіздер бір жерден екі есе салық алып отырсыздар. Осыны шештіңіздер ме? Шешкен жоқсыздар ма? - деп сұрады депутат.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты