«Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 13:08
1396
«Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті бейнежазбадан алынған кадр

Марқұмды үш жолаушы тепкінің астына алып, көлігін тартып алмақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында көз жұмған такси жүргізушісінің туыстары тергеудің әділ өтуін талап етеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, Қайсар Керімбаевты үш жолаушы тепкінің астына алып, көлігін тартып алмақ болған. Соққыдан ауыр жарақат алған атпалдай азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Алайда қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір ғана адам қамауда отыр. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға екі ай бұрын болған. Сайрам ауданынан Шымкентке үш жолаушы апарған такси жүргізушісі соққыға жығылып, ауыр жарақаттан көз жұмды дейді марқұмның туыстары. 

Марқұмның туысы Дәурен Керімбаевтың сөзінше, өлімге бірнеше адамның қатысы бар.

"Ақтық сапарға шығарып жатқанда өзім жуындырдым. Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен. Ешкім көріп жүрегі шыдай алмайды ол нәрсені. Денесінің бәрі көгерген. Қолдарын жіппен байлаған. Бір адамның шамасы жетпейді ол істі істеуге. Үш адам істеген", – деді Дәурен Керімбаев.

Мәліметтерге сенсек, үш жолаушының біреуі "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қамауға алынған. Бірақ қара жамылған отбасы 43 жастағы азаматтың бірнеше адамның қолынан қаза тапқанына сенімді. Қайсар демалыс күндері жолаушы тасымалдап, нәпақа тапқан екен. Ал таксистің әйелі Лаура Омарова тергеу барысына көңілі толмайтынын айтты.

"Тергеу процесіне көңілім толмайды. Біреу ғана қамауда отыр. Екеуі бостандықта жүр. Мақсаттарын біз де түсіне алмадық, жұмбақ болып тұр ғой. Түсініксіз, соны тергеуде анықтап берсе бізге. Не үшін машинасын алмақ болды? Ішіп-жегенінің бәрін соның шотынан төлеген", – деді Лаура Омарова.

Марқұмның туыстары күдіктілердің барлығы қамалсын деген талаппен Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне барды. Алайда тәртіп сақшылары қанды қылмыстың мән-жайы тергеу аяқталған соң белгілі болады деп қысқа қайырды. Жантүршігерлік оқиғадан кейін қылмысты жасырды деген күдікпен тағы екі адамнан жауап алынып жатыр дейді полиция.

"Оқиғадағы әрбір қатысушының яғни, екі тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар негізгісінен бөлек қылмысты жасырып қалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Түркістан облысы полиция басқармасы бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Қылмыскерлер марқұмның қалтасындағы 70 мың теңгесін де жаратып тастаған. 43 жастағы Қайсар Керімбаевтың артында жары мен үш баласы қалды.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды