«Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 13:33
3696
«Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты жеке мұрағатынан

Танымал БАҚ өкілі, журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновті есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медиа маманы Zamandas подкастында марқұм әншіні соңғы рет қай жерден көргенін айтты. 

“Ол кезде радиода істеймін. Қазақша сөйлеп, қазақша эфир жүргізетін едім. Бір күні қолымда көп дискімен Нұрберген Махамбетовтің кабинетіне келе жаттым. Мен әлі кішкентаймын. Сол жылы бізге Бейбіт Әлібеков мектеп бітіріп келіп жатқан. Жүгіріп келе жатып қарасам, Нұрбергеннің кабинетінде Батыр тұр. Батырды көргенде тілімді жұтып қойдым. Қолымдағы дискінің бәрін құлатып алдым. Сонда маған қарап, "эфирде қазақ тілінде сөйлейтін қыз ба?" деп сұрады. "Иә, мен" дедім. Кейінірек Батыр Superstar.kz жобасына шақырғанда қатты таңғалдым. Балалық арман еді ғой. Сонда Батырға қарап отыра беретінмін. Ол күшті сөйлейтін, күшті әңгімелер айтатын", – деді журналист.

Сонымен қатар марқұмның туып-өскен шаңырағында да жиі қонақ болатын кезді айтып берді. 

“Қызылордаға әке-шешесінің үйіне бардық. Мен кішкене қазақша сөйлеймін, даудырап әңгімемді айта беремін ғой. Содан анасы "Әй, қызым, отыр. Сен неге жүрсің? Қарамайсың ба, Батырға ғашық қазақ қыздары көп қой, иә?" деді. Содан мен "Иә, Батырды барлық қыз ұнатады" деп жатырмын. Сонда "Сол балам жақсы келіншек алса деген арманым ғой" деп арманын айтты. Сол кезде Батырдың анасы оның бір қазақ қызына үйленгені, үбірлі-шүбірлі, балалы-шағалы болғанын қалағанын түсіндім. 2006 жылы ма екен, 25 қазанда тойға шақырды. Қазақ қызға үйленді. Бәріміз қатты қуандық. "Батырханды қайтыс боларының алдында 1-2 ай бұрын көрдім. "Қазмедиада" едім, Rixos-қа шай ішуге шақырды. Қасында ұйымдастырушы әйел болды. Неге шақырғанын сұрасам, "Жай сөйлесейін дегенмін, бөпелерің қалай" деді. Содан "Үйге жүріңіз, шай ішіңіз" деп едім, "Жоқ, мен 1 күнге келдім, бәрі жақсы" деп көп ашыла қойған жоқ. Әрине, өкінішке қарай, Батырдың артынан қалған жалғыз ұрпағы Мақсұтты көп көрмейміз, ол туралы көп ести де бермейміз. Кейде қазақтың сондай мықты жігіттерінен ұрпақ көп қалғаны дұрыс па еді" – деп ойын бөлісті БАҚ өкілі. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды