«Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 15:07
1635
«Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады жеке мұрағатынан

Ұлдары қарсы екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тағы бір балалы болғысы келетінін айтты. БАҚ өкілі Zamandas подкастында қонақ болып, ЭКҰ арқылы сәби сүйгісі келетінін жасырмады. Алайда қос ұлы бұл әрекетіне екіұшты жауап берген. 

“Өткенде үлкен ұлым “Анашым, мен қыркүйекте кеткенде апатай немесе құрбыңызды шақырып алыңыз" дейді. Өткенде ақырын тамырын басып көрдім. Өзім екі жыл ЭКҰ-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Ол да шетелде оқығысы келеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, ЭКҰ-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, "бір қыз туып алсам" дедім. Екеуі де таңданып, "анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?" деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. "Әр қалжыңның астында шындық бар" дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім", – деді журналист. 

Журналистің сөзінше, ұлдары қыз бала асырап алуға қарсы емес. Ләйлә Сұлтанқызыны өзі де ойланып, Нұрлан имамнан кеңес сұраған.

"Үлкен ұлым "бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз" дейді. Кейде бір қыз асырап туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі "асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады" деді. Мені қолдады. ЭКҰ арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", – деп түйіндеді тележүргізуші. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды