«Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 15:35
1172
«Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жетісу обылысының тұрғыны ауыл әкімін түнде үйіне рұқсатсыз кіріп, тиіспек болды деп айыптады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жәбірленуші әйелдің оқиғаның мән-жайын баяндап берген видеосы пайда болды.Төрт баланың анасының айтуынша, әкім үйге түнгі сағат екіде терезе арқылы кірген. 

"Балалармен диванда ұйықтап жатқанымда, біреу киімімді шешіп жатқанын сездім. Оянсам жанымда біреу отыр екен, алғашында күйеуім шығар деп ойладым. Бірақ күйеуім Текеліде еді, ұйықтар алдында ғана сөйлескенмін. Анықтап қарағанда қасымда әкімнің отырғанын көрдім, мен шошып кетіп, жүгіріп жарықты жақтым. Ол есікке қарай жүгірді, есік кілттеулі болғандықтан біраз аша алмай тұрды, есік ашылғанда дәлізде тағы бір әкімдік қызметкері тұрғанын көрдім”, – дейді әйел. 

Қазір әкім мен оның сыбайласы сот алдында жауап беріп жатыр. Іс Ақсу аудандық сотында қаралуда. Алайда әйел істің "өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру" деген айыппен қаралып жатқанына наразы екенін айтты. 

"Ақсу аудандық сотында “тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу” бабымен айыпталған Р мен К-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бірінші сот отырысы 9 қыркүйекте өтті. Бүгін екінші отырыс", – деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында шенеуніктер әріптесін зорламақ болды деген ақпарат тараған еді. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады