«Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 16:36
1727
«Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады жеке мұрағатынан

Танымал әнші Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалап, жеке телефонына хабарласатын оқырмандарына ренішін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі оқырманының түнгі 23.00 шамасында жеке нөмеріне жазғанына ашуланып қалған. 

“Өзің танымайтын белгілі адамның нөмерін тарату, оған мезгілсіз уақытта жазу – әдепсіздік. Заң жүзінде тәртіп бұзумен тең. Әлеуметтік желіде көмекшілерімнің нөмері бар. Сол кісілерге хабарласа аласыздар. Туысқан мен жақындарымның өзі сұрауларын жүйелі түрде жеткізеді. Жастар да, жас еместен де, сыйластық пен сауаттылықты талап етейік. Ал Алланың атын жамылып, хәл үстінде жатқан адамның жағдайын пайдаланып, түнде таңда жазуға рұқсат жоқ”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі репертуарындағы әндерді орындауға ниет білдірген тыңдармандарын да құлағдар етті. 

“Өзіңізге ұнаған менің орындауымдағы кез келген әнді жеке кәдеңізде қайталап, орындауыңызға болады. Бірақ дәл музыкасына өз даусыңызды жазып алып, әлеуметтік желіге таратуға қарсымын. Платформаларға жүктеуге қарсымын”, – деді өнер иесі. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды