«Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 17:15
1345
«Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді жеке мұрағатынан

Ұлттық арна продюсері құрметсіздік көрсетті деп ашуланған әнші Ақбота Керімбековаға әріптестері жаппай қолдау білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова әріптесінің сөзін растады. 

“Ақботажанның жанайқайы мені бейжай қалдырмады. Айтып отырғаны дұрыс та, әрі тереңдеп кеткен мәселе. Оның ашынып отырғаны – құрметсіздік! Өздері шақыруын шақырып алып, дөрекілік көрсетіп отырғандары тіпті масқара?! Ол аз болғандай жағдайдың мән-жәйін дұрыс түсінбей айтылып жатқан пікірлерді оқып, тағы қарным ашты. Қазір эфирдің емес, интернеттің заманы. Солай бола тұра алтын уақытын қиып үлкенмін демей, жоба ұсынысын құп алып барып тұрғанда жасағаны осы болса, Ақботадан осындай үндеуден басқа не әрекет күтуге болады?!”, – деп ашуланды өнер иесі. 

Әншінің сөзінше өзі де талай рет түрлі ұйымдастырушылар тарапынан құйтырқы әрекеттерді көрген. 

“Біз де мұндайдың талайын көрдік. Басың бар, жасың бар демей, өз ұлтымыздың арналарында да қара тізімге енген кездер де болған. Ал дәл мынадай ресейлік арналардағы жобалардың көшірмесін қойғаны үшін әйдік боп жүрген медиатоп өкілдері мемлекет қаржысынан миллиондап ақша алады. Сосын танымал адамдарды пайдаланып, есебін жабады. Сол жобада ресейлік пен украиналық режиссерлердің талабымен біресе ит болып, біресе мысық болып жүретін – әртістер. Баяғы қазақшылықпен көк тиын алмай, өз тыңдармандарына жек көрінішті болып қала береді. Сондағы еститін сөзіміз осындай ма?! Сондықтан мен Динара Адам жазба түрде өткен-кеткенді айтып, дос екенін дәлелдегенше, көп алдында Ақботадан кешірім сұрағаны жөн деп ойлаймын. Тағы айтайын дегенім, жалпы әрбір телевизиялық түсірілімдер мен концерттер қатысушыларға қаламақы төлеуді бастауы керек. Сол кезде бәрі әділетті болады”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды