37

Уилл Смиттің 40 миллион долларлық зәулім үйі өртеніп кетті

Тілсіз жау алдымен шаруашылық қорасынан басталып, негізгі ғимаратқа дейін жеткен.

Уилл Смиттің 40 миллион долларлық зәулім үйі өртеніп кетті
Page Six

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Калифорниядағы Голливуд актері Уилл Смиттің құны 40 миллион доллардан асатын зәулім үйінде өрт шықты. Бұл туралы SHOT басылымы жазды.

Оқиға Калабасас қаласында орналасқан актердің жеке меншік аумағында болды. Тілсіз жау алдымен шаруашылық қорасынан басталып, кейін негізгі ғимаратқа қарай ауысқан.

Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндіру қызметі мен төтенше жағдайлар мамандары жетті. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай ауыздықталып, сөндірілді.

Полиция басқармасының өкілі берген мәліметке сәйкес, тілсіз жаудан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ.

Айта кетейік, бұл актердің отбасылық мүлкіндегі соңғы бес жылдағы екінші өрт оқиғасы. 2021 жылы олардың особнягының жертөлесінде өрт шығып, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келген болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор