Қытайдан тауар тасымалдаймын деген қазақстандық әйел БАӘ-де ұсталды
Күдікті жәбірленушілердің 24 миллион теңгесін иемденген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан азаматшасы Біріккен Араб Әмірліктерінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ІІМ жазды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отандасымызды ұстау туралы сұранысты қазақстандық құқық қорғау органдары жолдаған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол Қытайдан тауар жеткізіп беремін деген желеумен жәбірленуші мен оның ата-анасының сеніміне кірген. Осылайша, алаяқтық жолмен 24 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші