Алматыда кондуктор автобустан құлап, қаза тапты
Кондуктор әйел ауыр жағдайдан соң өмірден өтті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы маңында кондуктор жүріп бара жатқан автобустан құлап, құайтыс болды.
Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін нөмірі 41-ші маршруттық автобуста болған.
Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші