«Көлік жүргізуді үйрендім»: Фариза Төреәлі не себепті парақшасын өшіргенін түсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 13:04
1161
«Көлік жүргізуді үйрендім»: Фариза Төреәлі не себепті парақшасын өшіргенін түсіндірді жеке мұрағатынан

Танымал блогер Фариза Төреәлі бір ай бойы әлеуметтік желіден үзіліс алып, қайта қауышты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызының сөзінше Таиландтағы демалыстан кейін әлеуметтік желіден де демалыс алуды ойлаған. 

“Инстаграмда 40 күнге жуық болмаппын. Жеті жылдық блогымда бірінші рет болып тұр. Таиландтан қайтар жолда ұзақ ойландым. “Парақшаны өшірім, өмірімдегі ақсап жатқан тұсына көңіл бөлсем деп ойладым. Бірақ парақшаны өшіру деген ой маған қорқынышты болды. Бірақ жаным қалап тұрғанын түсіндім. Өзіме уақыт көп бөлдім. Кітап оқыдым. Көлік жүргізуді үйрендім. Үнемі бастап, аяғына жеткізбей қалдырып кетуші едім. Көлік жүргізу куәлігін де алдым. Жақындарыммен бірге уақыт өткізіп, анамның дәмді тамақтарын жедім. Үйіміздің құрылысына араластым. Спортпен де тұрақты айналыстым”, – деп жазды блогер ару. 

Сондай-ақ желі жұлдызы әр нәрсенің өз уақытымен ғана болатынын еске салды. 

“Ақырын күту  бір орында тұру емес, көрегендік. Сабыр деген не?! Тікенге қарап, раушан гүлін, түнге қарап, күндізді елестете алу. Алланы сүйгендер сабырды бал қаймақтай көріп, еме түскісі келеді, бойына сіңіреді. Олар көктегі орақ ай толғанға дейін уақыт керегін жақсы біледі. Бәріне де уақыт керек. Ешқандай гүл уақытынан бұрын ашылмайтыны, күн де уақытынан ерте тумайтыны секілді әр нәрсенің өз уақыты, өз сәті бар екен. Адам бойындағы даналық пен кемелдену де солай болса керек, өз уақытымен келеді. Кеше – жоқ, ертең не болары Раббымызға мәлім, тек бүгін – бар”, – деді Фариза. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді