«Беті бүлк етпейді»: Маңғыстау облысындағы ауыл мұғалімінің оқушыларға айтқаны желіде талқыға түсті

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 17:15
695
«Беті бүлк етпейді»: Маңғыстау облысындағы ауыл мұғалімінің оқушыларға айтқаны желіде талқыға түсті жеке мұрағатынан

Желіде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы Горький атындағы мектеп-лицей мұғалімінің түсірген видеосы тарады. Мұғалім оқушысына ұрысып жатқанын қыздың әпкесіне өзі жіберіпті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видеода мұғалім оқушы қыздан жемпірін шешуді талап етеді. Дегенмен сол видеода басқа оқушылар да жейде, жемпір киіп алғаны көрсетілген. Оған қоса ол ұялы телефонын тапсыруды талап етеді, қыз тапсырғанын айтқан.

"Бүкіл сыныптың алдында мен мына жемпірді шешуін талап етемін. Бөлме ыстық. Ал ол “тоңып тұрмын” дейді. Беті бүлк етпей отырғанын қарашы! Мен ұялы телефонын тапсыр дедім, өйткені тест болып жатыр, бірақ ол оны маған бермеді. Талаптарымды орындамағандықтан, сабақтан шығып, үйіне қайтуын сұраймын. Әбден құтырып кеткен! Кабинеттен лақтырып жібергім келіп тұр", – деді мұғалім.

Қыздың жақындары мұғалімнің сөздері этикаға жат екенін және ұстаз мәртебесіне сай келмейтінін айтып, оны жазалауды талап етіп отыр. Сөздерінше, мұғалім бірнеше жылдан бері қызды қорлап келеді екен. Желідегі пікірлерден мұғалімнің 20 жылдық еңбек өтілі бар екенін көруге болады. 

Облыстық білім басқармасы Баутино ауылының мұғалімі тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді.

"Мәселе комиссия отырысында қаралды. Комиссияның шешімімен "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" оқу-ағарту министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына сәйкес, мұғалім тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Педагогикалық этиканың негізгі қағидаларын бұзғаны үшін "ескерту" берілді. Оқушының ата-анасы мектепке шақырылды, бірақ олар келмеді", –деді Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)