Қалың малды 10 млн-ға көтеру керек деген желі қолданушысы қызу талқыға түсіп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
21.09.2024, 17:13
1743
Қалың малды 10 млн-ға көтеру керек деген желі қолданушысы қызу талқыға түсіп жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Қазақ қыздарының құны "Камриден" де түсіп кетті дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлжан есімді ТікТок қолданушысы қазақ қыздарының қалың малын 10 млн теңгеге көтеру керек деп отыр. Айтуынша, қаракөздеріміздің құны "Камри" көлігінен де түсіп кетті. 

Қалың малға қатысты айтқан пікірінің видеосын желі қолданушысы парақшасында жариялаған.

Қазақтарға қалың малдың бағасын 10 млн-ға көтеру керек. Неге дейсіз ғой? Себебі қазіргі кезде қазақ қыздарының құны "Камриден" де түсіп кетті. 1,5-1 млн беріп құтыла салады. Мен оған өте қарсымын. Бұл жерде саудаласып немесе қызды сатып жатқан жоқпын. Бұл жерде қазақ қызының құндылығын, өзіміздің салт-дәстүріміздің құндылығын қайтадан жаңғыртып көтеру керек деп ойлаймын,-дейді ол. 

Автордың пікірінше, қалың малдың аз болуы ажырасудың белең алуына себепші көрінеді.

Мысалға, түріктерде қыз алу үшін пәленбей келі алтын береді. Бірақ ол жақта ажырасу деген жоқ. Ал біз бүкіл дүниежүзі бойынша ажырасу жағынан шамамен бірінші орынды алып тұр екенбіз. Себебі осындай құнсыздану кесірінен сондай дүниелер болады. Егер де біз бір қызды алу үшін 10 млн беретін болсақ, екі жақтың да бір-біріне деген қарым-қатынасы басқаша, қыз баланың алдында жігіттің деңгейі, абыройы жоғары болады,-деп сөзін түйді ол.

Алайда бұл пікір желі қолданушыларының көбіне жақпай қалды. Олар отбасылық бақыт ешбір ақшамен өлшенбейтінін алға тартты.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды