1330

170 млн теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кең-булуң" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

170 млн теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды
әлеуметтік желі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, комитет 17 қыркүйек күні "Кен-Булун" бақылау бекетінде Қазақстанға бет алған Lexus 470 маркілі көлігі тоқтатылып, көлікті тексеру барысында арнайы орнатылған жасырын орын анықтаған. Ол жерден салмағы 3,3 кг болатын Қырғызстаннан шығаруға рұқсат құжаттары жоқ алтын құймалары табылды.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін есептеу, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері алтын құймаларының жалпы бағасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл шамамен 170 млн теңгені құрайды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор