Ақжол Мейірбековтің жары марқұм қандай дертпен күрескенін айтып, көз жасына ерік берді

Аиса Махамбет Редактор
21.09.2024, 20:30
1113
Ақжол Мейірбековтің жары марқұм қандай дертпен күрескенін айтып, көз жасына ерік берді бейнежазбадан алынған кадр

Қатерлі ісіктің 4–сатысы диагнозын қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков 2023 жылдың қараша айында дүниеден озды. Жарты жылға жуық ғұмырын сахнаға арнаған әншінің қандай дертпен күрескені "Астарлы ақиқат" бағдарламасында белгілі болды. 

Марқұмның бойын билеген сырқат жайлы 50 жыл отасқан жары баяндады. Шәрипа Мейірбекова өнер иесінің соңғы күндерін еске алып, көз жасына ерік берді. 

"Үш жыл бұрын дәрігерлер "Терінің қатерлі ісігінің 4-сатысы" диагнозын қойды. Содан ауруханаға жатып, аяғындағы қатерлі ісікті алдырды. Ота жақсы өтті, үш жыл химиотерапия алды. Химиотерапия көмек береді деп дәрігерлерге сенді. Шетелге барайық десек, "барлық жерде бір хаттама, Алла не жазса, сол болады" деді", - деді ол. 

Шәрипа Мейірбекова жолдасының ауруханадан шыққан соң екі күн ғана үйде болғанын айтады. Осы уақытта ол марқұмнан өзіне қаншалықты риза екенін сұраған көрінеді.

"Дәрігерлер "мұсылманша үйде болсын, ауруханада бәрін кесіп жібереді" деді. Содан үйге алып кеттік. Үйде екі-ақ күн болды. Соған да шүкір деймін. Алла Тағала қинаған жоқ. Ешкімге айтқысы келмеді. Өз аяғымен ақырғы концерттеріне қатысты, өзін аурумын деген жоқ. Үйдегі екі күнінде "Ақжол, сен маған ризасың ба?" деп сұрадым. "Мен неге саған риза болмаймын" деді", - деп түйіндеді Ақжол Мейірбековтің жары.

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған