Отандық авторлардың аудиокітаптары «AirAstana» жолаушыларына қолжетімді болады

Аиса Махамбет Редактор
22.09.2024, 16:36
1264
Отандық авторлардың аудиокітаптары «AirAstana» жолаушыларына қолжетімді болады airastana

Жобаға 60 мыңға жуық адам қатысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Іс-шарада Ұлттық академиялық кітапхана мен «AirAstana» әуе акомпаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық нәтижесінде әуе компаниясының ұшағында ұшу кезінде жолаушыларға тыңдау үшін қызықты ұлттық аудиоконтент ұсынылады.

Бұл күні республиканың барлық аймағындағы 4000-ға жуық кітапханаларда отандық ірі баспалар, кітап дүкендерінің қатысуымен 1845 іс-шара ұйымдастырылды. Оған 60 мыңға жуық адам қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда кітап оқу мен кітап шығарудың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады деп атап өткені белгілі. Осы орайда үшінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль кітап пен кітап оқудың мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен оқырмандар үшін қарым-қатынас алаңын құруды көздейді,- деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али.

Сондай-ақ фестивальге келген қонақтар «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» әлеуметтік акциясына қолдау көрсету мақсатында түрлі жанрдағы кітаптар сыйға тартты.

Айта кетейік, биыл елордада өткен кітап фестивалі Ұлттық академиялық кітапханасының 20 жылдығына арналды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды