Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Аиса Махамбет Редактор
23.09.2024, 11:48
937
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды жеке мұрағатынан

Мәйіт қоқыс контейнерінің қасынан табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарады. Lada.kz тілшісінің мәліметінше, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері.

WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

-Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады