1465

Астанада «Хан Шатырдың» алдында ішкиімін шешіп, лақтырған қыз жазаланды

Астанада "Хан Шатыр" алдында іш киімін шешіп, видео түсірген қыз өзінің жазаланғанын айтты.

Астанада «Хан Шатырдың» алдында ішкиімін шешіп, лақтырған қыз жазаланды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Карина өзінің видеосы желіде тез тарағанын алға тартты. 

"Ақырында ұзақ үзілістен кейін желіге шығып отырмын. Бәріңіз, барлық қазақстандықтар жағдайды көрген болар. Барлық мақалалар, жаңалықтар порталы мен туралы шығарды. Кез келген бірінші жаңалық мен туралы, “астаналық қыз Хан Шатыр алдында”, “астаналық қыз шешіп тастады”, деген.

Достар тиісті органдар менімен байланысқа шықты. Мен өз әрекеттерім үшін жауап бердім", - дейді ол.

Еске салсақ, Астанада бойжеткен "Хан Шатырдың" алдында ішкиімін шешіп, лақтырып видео жариялаған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор