Продюсер Баян Алагөзова өзі туралы жалған ақпарат таратқан журналисті сотта жеңіп шықты

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 13:31
832
Продюсер Баян Алагөзова өзі туралы жалған ақпарат таратқан журналисті сотта жеңіп шықты ашық дереккөзден

Белгілі продюсер Баян Алагөзова өзі туралы жағымсыз мәлімдеме жасаған атышулы журналист Дана Орманбаеваға қатысты сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Орманбаева әлеуметтік желіде продюсер туралы заң мен моральдық қағидаларды бұзатын түрлі ақпарат таратқан. 

Баян Мақсатқызы ар-намысын қорғау үшін журналистің үстінен сотқа шағым түсірді. Ол Орманбаевадан жеке блогында жарияланған ақпараттарды жоққа шығаруын, сондай-ақ моральдық шығын үшін екі миллион теңге төлеуін талап еткен.

"Журналист өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамады. Бірінші сатыдағы сот құрылып, сот отырысы барысында тараптар жауапкердің әлеуметтік желілерде жоғарыда аталған ақпараттарды таратқанын дауламады", – делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде сот талап арызды ішінара ғана қанағаттандырды. Сот Орманбаеваны өзі жариялаған ақпаратты жоққа шығаруды, сонымен қатар моральдық шығын ретінде Баян Мақсатқызына 500 мың теңге төлеуге міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды