Істі болып жатқан Жанқош Тұраровтың Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 18:32
676
Істі болып жатқан Жанқош Тұраровтың Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды жеке мұрағатынан

Оның қарсыласы бұры-соңды жеңілмеген венесуэлалық боксшы болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 қыркүйекке жоспарланған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы.

Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. 

Естеріңізде болса, ол соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында жекпе-жекке шығып, өзінің чемпиондық атағын қорғады. Сол жолы Тұраров жапониялық Акихиро Кондодан басым түскен еді.

Жанқош Тұраров осыған дейін кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Еске салайық, осыдан бір айдай уақыт бұрын Алматы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, өзін белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың зорлағанын айтқан еді. Артынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазір 200 адам тергеліп жатыр»: секс-құлдықта болған оқушы қыздың анасы мән-жайды ашып айтты Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады Қазақстанда АЭС салынатын болды «Ақша керек болды»: Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді Қарағандылық келіншек жаңа туған сәбилерін перзентханада екі рет белгісіз ерлі-зайыптыларға сатқан Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қойылатын талаптар күшейтілмек Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді Қазақстандықтардың басым бөлігі қолдаған жағдайда АЭС-ті кімдер салады – Тоқаев жауап берді Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды «Қаһармандар мен халат киген қыз»: Сайлау учаскесіне ерекше киініп келгендер көпті таңғалдырды 95 жастағы Бибігүл Төлегенованың үйіне сайлау жәшігін әкеп берді Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде балаларға күш көрсеткен (ВИДЕО) Екі жатырлы әйел егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді «Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды Референдумнан соң үкімет құрамы өзгере ме? Тоқаев жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді