868

«Барлығы қамауға алынды»: ҚазҰУ студенттері жаппай төбелес шығарды

20 адам төбелес шығарды.

«Барлығы қамауға алынды»: ҚазҰУ студенттері жаппай төбелес шығарды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ҚазҰУ студенттері арасында жаппай төбелес болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық жасағандардың барлығы қамауға алынған.

 

Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі ҚазҰУ жатақханаларында, оның ішінде N6 және N8 жатақханаларда қираулар мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Құрбандар мен қираулар жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор