«164 шаршы метр пентхаус»: Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 2 миллион долларға сатылымға қойылды

Аиса Махамбет Редактор
25.09.2024, 13:14
673
«164 шаршы метр пентхаус»: Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 2 миллион долларға сатылымға қойылды t.me/off_shores/” Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қоры

Былтыр қарашада дүниеден өткен экс-президенттің інісі Болат Назарбаетың Нью-Йорктегі пәтері 1,995 миллион долларға сатылымға шығарылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нью-Йорктегі жергілікті жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметінше, Болат Назарбаевтың пәтері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан. Бұл пәтер –  марқұм Болат Назарбаевтың осы уақытқа дейін жұртқа белгілі Америкадағы соңғы жылжымайтын мүлкі.

Wall Street 55 мекен жайында бір кездері Нью-Йорк қор биржасы, кеден және Citibank кеңселері орналасқан еді. Нысан иелері ғимаратты кондоминиумға айналдырмас бұрын, онда сәнді қонақүй болған. 2006 жылы соңғы жөндеуден кейін ғимараттағы пәтерлерді алғашқы болып актер Микки Рурк пен супермодель Наоми Кэмпбелл сатып алды. 2007 жылы Болат Назарбаев сол ғимараттан пәтер сатып алып, танымал тұлғалармен көрші тұрды.

“Пентхаустың жалпы ауданы – 164 шаршы метр. Оның ішінде екі жатын бөлмесі, ас және қонақ бөлмесі, үш жуынатын бөлмесі мен кең террасасы бар. 2,7 миллион долларға сатылып алынған пентхаус алғашында Болат Назарбаевтың өгей баласы, Майра Құрманғалиевадан туған Даниярдың атына жазылды. Сондай-ақ оның атында дәл осы ғимараттан тағы бір пәтер бар. №702 пәтерді Данияр 2011 жылы 940 мың долларға сатпақшы болған. Бірақ Болат Назарбаев Майрамен арадағы жанжалдан кейін бұл мүлікті қайтарып алған”, – деп жазды “Выход к морю” Telegram арнасы.

Фото: streeteasy.com

Майра Құрманғалиева сот арқылы бұрынғы күйеуінен байлығының жартысын, оның ішінде АҚШ-тағы жылжымайтын мүлкін талап еткен. Нәтижесінде 2011 жылы Құрманғалиева алаяқтық жасап, адам ұрлады деп айыпталып, Қазақстанда іздеуге жарияланды.

Фото: streeteasy.com

Болат Назарбаев өгей ұлы мен бұрынғы әйелін өзінен ондаған миллион доллар ақша ұрлады деп айыптап, Нью-Йорктегі сотқа жүгінді. Болат пен Майра арасындағы сот процесі бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде Болат Назарбаевтың Нью-Джерсидегі құны 20 миллион доллар тұратын зәулім үйіне Майра Құрманғалиева мен оның ұлы ие болды. Есесіне, олар Майами мен Нью-Йорктегі пәтерлерді талап етпейтіндерін жеткізді. Ақыры Болат Назарбаев Флоридадағы жылжымайтын мүлікті 1,4 миллион долларға сатқан. 

Фото: streeteasy.com

Telegram арнаның мәліметінше, 2 миллионға сатылымға қойылған пентхаусты Болат Назарбаев 2016 жылы өзінің көмекшісі Батыржан Ахметовтың атына жазған. Батыржан Ахметов сол кезде Назарбаевтың жеке коллекторлық агенттігі мен басқа да бірқатар шағын фирмаларды басқарған еді. Нью-Йорк жылжымайтын мүлік тізіліміне сенсек, пентхаус әлі күнге дейін Бауыржан Ахметовтың атында. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік агрегаторларының дерегінше, пентхаус өткен жылдың жазынан бастап, яғни Болат Назарбаевтың көз тірісінде сатылымға қойылған.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғадан кейін Болат Назарбаев пен оның мұрагерлері жылдар бойы жинаған мүлкінің бір бөлігінен айырылды. Базарлар, кәсіпорындар мен серіктестіктердегі үлесі мен жүздеген гектар жер тәркіленді. Болат Назарбаев рейдерлік басып алуға қатысы бар деген айыптаулардың астында қалды. Тәркіленген мүліктің бір бөлігі мемлекетке қайтарылды.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген