«Оларды ату керек»: Желіде самокат мінгендер туралы айтқан Астана әкімі орынбасарының сөзі талқыға түсті

26.09.2024, 14:30
687
«Оларды ату керек»: Желіде самокат мінгендер туралы айтқан Астана әкімі орынбасарының сөзі талқыға түсті sxodim.com

Астана мәслихатының депутаттары елорданың саябақтары мен скверлерінде төселген тас жол қоюдан бас тартуды ұсынды. Айтуларынша табиғи құм жол адамдардың жүріп жүгіруіне, әрі самокат тебетіндерге кедергі болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін маслихат сессиясы барысында депутат Абзал Сағымбаев қалалық саябақтар мен скверлердегі жолдарды абаттандыру жөнінде ұсыныс жасады.

"Міне, бүкіл қала осы тас жолдарға толды! Орманды алқаптары мен серуендеуге арналған жолдары бар саябақтарда жолды табиғи түрде жасауға болады. Яғни, дренаж, мембрана жасап, үстіне топырақ төсеу керек. Сонда біраз қаражат үнемделеді. Өйткені қаламызда тас жол төсеуге үлкен сомада ақша кетеді" - деді депутат.

Сагымбаевтың айтуынша, мұндай жолдың бірден-бір артықшылығы — оған велосипедшілер мен самокат айдаушылар өте алмайды.

"Бұл жолдың артықшылығы неде? Оған жүргенде немесе жүгіргенде табан табиғи жерге басылады. Яғни, аяғыңа соққы тимейді, соққы жүктемесі жоқ. Екіншіден, велосипедшілер мен самокат айдаушылар бұл жолмен жүре алмайды. Яғни, онда тек жүгіріп немесе жүріп өтеді. Құммен жүре алмайтындықтан олар үшін бұл табиғи кедергі" - деп атап өтті депутат.

Сағымбаев бұл әдістің Еуропа, Жапония және Кореяда белсенді түрде қолданылатынын алға тартты.

Депутаттың ұсынысына Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов шынымен де самокат айдаушыларға кедергі болатынына келісті.

"Шынында да. Содан кейін самокат айдаушылардың іздерін қалай қшіретінімізді ойлаймыз. Бізде сондай мәселе бар. Тас жолдардан олардың іздерін қалай жуып жүрміз?" - деді Нұркенов.

Сондай-ақ, талқылау барысында залда отырғандардың бірі самокатқа тыйым салу керек деп айғайлады.

"Оларды ату керек", - деп әзілдеді әкім орынбасары.

Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды