Johnson & Johnson пациенттерді қолдау үшін JanssenWithMe сайтын іске қосады

26.09.2024, 18:37
1015
Johnson & Johnson пациенттерді қолдау үшін JanssenWithMe сайтын іске қосады freepik.com

Жаңа ақпараттық ресурс пациенттер мен олардың жақындарына бағытталған және диагноздар, емдеу шаралары мен бағдарлау туралы толық ақпарат береді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Johnson & Johnson Қазақстанда ауыр сырқаттарға тап болған қазақстандық пациенттерді, сондай-ақ олардың жақындарын қолдау үшін әзірленген JanssenWithMe жаңа ақпараттық ресурсының іске қосылғанын жариялайды.

Сайт науқастар, ауру белгілері, диагностика және емдеу туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету және әртүрлі диагноздардағы адамдардың өмір салты бойынша ұсыныстар беру үшін жасалған.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Әділет Назарбаев: «Шынайы ақпаратқа уақытылы қол жеткізу және көмекке қайда жүгіну керектігін нақты түсіну пациенттер мен олардың отбасылары үшін, әсіресе псориаз немесе көп ошақты миелома сияқты күрделі аурулар туралы сөз болғанда маңызды рөл атқарады. JanssenWithMe ақпараттықсайтын іске қосу ауыр сырқаттармен күресіп жүрген адамдарға қажетті ақпараттық қолдау көрсетудің пайдалы қадамы болады деп үміттенеміз. Біз өз принциптеріміздің аясында, денсаулық сақтау саласының сапалы, қол жетімді және жекелендірілген болу үшін күш салуды жалғастырамыз».

Сайтта көп ошақты миелома мен псориазға арналған бөлімдерде Қазақстандағы пациенттерге бағдар беруге арналған жалпы ақпарат ұсынылған. Компания атап өткендей, пациенттердің диагностикадан бастап емдеуге дейінгі негізгі кезеңдерді түсінуі сапалы медициналық көмекті уақытылы алудың маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты дұрыс ұйымдастырылған бағдарлау адамдарға денсаулық сақтау жүйесінде жылдам қажетті ақпаратты табуға көмектеседі, керекті мамандар мен медициналық мекемелерді іздеуге кететін уақытты қысқартады, сонымен қатар емдеуді оңтайлы уақытта бастауға мүмкіндік береді.

Платформа қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеп тұр, бұл халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сайтта ұсынылған ақпарат үнемі жаңартылып отырады: жақынарада басқа аурулар туралы қосымша бөлімдер іске қосылады, сонымен қатар пациенттің жолын, сарапшылардың ұсыныстарын және терапиядан өткен және оң нәтижелерге қол жеткізе алған пациенттермен сұхбаттарды көрнекі түрде бейнелейтін анимациялық бейнелер ұсынылады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады