Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі Оскарға ұсынылды

27.09.2024, 09:50
770
Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі Оскарға ұсынылды коллаж smartnews.kz

Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі, - делінген ақпаратта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді