«Жансақтау бөлімінде жаттым»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануға қатысты сұрақтарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
27.09.2024, 19:17
1192
«Жансақтау бөлімінде жаттым»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануға қатысты сұрақтарға жауап берді жеке мұрағатынан

Араға тоғыз жыл салып, үшінші рет әке болған Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева оқырманды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер келіншек алғаш ана атанғандай сезімде жүргенін айтты. 

“Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы”, – деді Мархабат. 

Еске салайық, Мейрамбек Бесбаевтың жары құттықтап жатқан халыққа алғыс білдірген еді. 

“Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. "Бәрі ұл деп жүр екен. Кім босанды деп ойлайсыздар?" – деп жазған еді Мархабат. 

Көп ұзамай әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды.

“Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды”, – деп жазған еді өнер иесі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды