«Қапастан шықса да, қанаты сынбаған»: Мұхамеджан Тазабек абақтыдан босаған Мұрат Әбділдаға қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
27.09.2024, 20:30
1083
«Қапастан шықса да, қанаты сынбаған»: Мұхамеджан Тазабек абақтыдан босаған Мұрат Әбділдаға қолдау білдірді жеке мұрағатынан

Белгілі тәлімгер, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталып, түрмеден шыққан Мұрат Әбділданы көп адамға үлгі етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұхамеджан Тазабек желі жұлдызы шынайы болмысымен көпшіліктің жүрегін жаулап алғанын айтты. 

“Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді. Жалпы халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркімнің жүрегінде тұр. Мұрат сияқты қапастан шықса да, қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын!”, – деді психолог. 

Айта кетейік, желі жұлдызы “Қоғам дауысы” подкастына сұхбат беріп, кінәсін толық мойындағанымен, арандатушылардың торына түсіп қалғанын жасырмаған еді. 

“Бұрын соңды түрме көрмегенсін, басында қатты күйзеліске түстім. Басыма түскен іс түсім сияқты болды. Балағат сөз айтқаным үшін, қамалып кеттім. Негізі, арандатушылардың ісі болды. Бекерден бекер ешкімді боқтап сөйлемеймін. Арандатушылар шамайыңа тиетін сөз айтады, сондай кезде мен де есемді жібермеймін. Өзімнен де қате кетті. Қамалғаныма өзім ғана кінәлімін. Өнер адамының жүрегіне салмақ болатын жағдай өтті. Алла бәріне төреші. Қамалып кеткен қиын екен”, – деген еді әнші. 

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді