Жаңа қазақстандық комедияның тұсауы кесілмек

27.09.2024, 14:50
889
Жаңа қазақстандық комедияның тұсауы кесілмек

Жаңа кино туынды жойылып бара жатқан дәстүр тақырыбын көтермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 қыркүйекте Астанада және 2 қазанда Алматыда «Айқай-шу» криминалдық комедиясының алдын ала көрсетілімдері өтеді. Фильмде қазіргі қоғамның моральдық-этикалық қағидаларымен кереғар келетін, жойылып бара жатқан дәстүрлер тақырыбы әзіл арқылы көтеріледі, сонымен қатар достықтың және берік отбасылық байланыстардың құндылығы туралы сөз болады.  

Картина сюжетінде кездейсоқ провинциялық кафелердің бірінде кездесіп, түрлі қызық жағдайларға тап болып, одан аман шығуға тырысқан екі достың оқиғасы баяндалады. Сюжеттің ерекшелігі – фильмдегі оқиғалардың бір ғана ғимаратта өтуінде.  

Фильмнің тілі: қазақ, мақсатты аудиториясы: 16+. Фильм 2024 жылдың 3 қазанында прокатқа шығады.

Басты рөлдерді «5:32» сериалы, «Районы», «Шекер», «Дос-Мукасан» және басқа да фильмдер арқылы танылған актерлер Серік Шарип және Саят Макулбаев ойнайды. Фильмді түсірушілер – LS Production өндіріс компаниясы, бас продюсер – Айдар Қасымов, қоюшы-режиссер – Даулет Ислямов.

Фильмде Назар Шархан, Нуржан Садыбеков және тағы басқа актерлер де ойнады. Эпизодтық рөлдерде танымал стендап-комик Ғалым Калиакбаров, «Килиманджаро» тобы, тележүргізуші және актер Бексултан Акимжан, «Сержан Братан» веб-сериалының жұлдызы Гульмира Жакилина және басқалар бар.

«Айқай-шу» фильмінің алдын ала көрсетілімдеріне фильмді түсірушілер,актерлер, блогерлер, медиа тұлғалар, журналистер және басқалары қатысады.    

Синопсис: Қалыңдықты тойдан ұрлап кету әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін екі дос қашуға бел буады. Жасырыну үшін олар Ақсу қаласына келіп, сол жерде ақшасыз әрі телефонсыз қалып қояды. Мекеменің әкімшісі қонақтардың бірін жергілікті «дөкейдің» бауыры деп ойлап, достар аяқасты «VIP қонақтарға» айналады, бәрі оларға ұнауға тырысады. Осы сәттен бастап түрлі қызықты жағдайлар орын ала бастайды. Оқиға екі досты қуғыншылар тауып алғанша жалғасады, бірақ аталған «дөкейдің» өзі кафеге келген сәтте бәрі күрт өзгереді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді