636

Астанада 46 жастағы әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға құлады

Астанада тұрғын үй кешенінің бірінде әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға жабыны құлаған.

Астанада 46 жастағы әйелдің үстіне лифт жақтауындағы қабырға құлады
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, деректерге сүйенсек, оқиға "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде болған. Денсаулық сақтау басқармасында ақпаратты растады.

"27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы 1978 жылы туған әйелді №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Бейінді дәрігерлердің қарауынан кейін зардап шеккен адам мидың шайқалуымен (париетальды аймақтың жұмсақ тіндерінің көгеруімен) ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор