«Сотқа жүгіндім»: Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова төрт баласымен баспанасыз қалды

Аиса Махамбет Редактор
29.09.2024, 12:32
758
«Сотқа жүгіндім»: Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова төрт баласымен баспанасыз қалды жеке мұрағатынан

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова төрт баласымен баспанасыз қалғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол өзінің Instagram парақшасында компания басшылары мен бір топ адамның құрбаны болғанын жеткізді.

“Сол жылы балаларым “Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік”-деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды. Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым.

Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған қалашықтан 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың”- деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас”, – деді ол.

Алайда Жұлдыздың айтуынша арада 2 жыл өткен және ол балаларымен пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған.

“2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты. Жақс оған да көндім, мынау бітпей тұрған жер үйімді өзім аяқтайын соның құжатын берші дедім. Әкімшіліктен обьетіні пайдалануға қабылдау актісін жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жатқан үйге де, жерге де құжат бермеді”, – деп қосты ол.

Айтуынша бұл үйді “Аграрлық кредиттік корпорацияға кепілдікке салып жіберген.

“Бір қызығы аудандық сотқа барарда Диляра жеңілетінімді айтты. Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде құқығым тапталып, алданып жатқандығым туралы полицияға шағым түсірдім. Алайда олар іс қозғамады. Заң бойынша аудандық сотқа шағымдандым. Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым”, – деді Жұлдыз. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)