Қазақ оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды

30.09.2024, 09:50
951
Қазақ оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жас робототехниктеріміз рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грекияда робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge өз мәресіне жетті.

Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді. 

Осылайша Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Біздің команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары - Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов. 

Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен толықты: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge. Бұдан басқа Әл-Хорезми атындағы Outstanding Supporter номрнациясында күміс медальмен отандық USTEM FOUNDATION жас инженерлерге көрсеткен қолдауы үшін марапатталды. 

Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі, - дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» РҒПО-ның, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен робототехникадан іріктеу кезеңдерінде құрылды. 

Анықтама үшін: FIRST Global Challenge - бұл олимпиада үлгісіндегі робототехникадан  бүкіләлемдік чемпионат. Ол жыл сайын түрлі елде өткізіліп отырады. Бұл беделді инженерлік додадағы қазақстандық оқушылардың үшінші жеңісі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды