SCAT әуекомпаниясының жолаушылары Атырау әуежайында қалып қойды: Олар Ақтауға қайта алмағандарына наразы

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 12:32
344
SCAT әуекомпаниясының жолаушылары Атырау әуежайында қалып қойды: Олар Ақтауға қайта алмағандарына наразы бейнежазбадан алынған кадр

Ақтауда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттен ұшатын ұшақ әуежайға қонбай, Атырауға кетіп қалған. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйек күні сағат 10:40-та 140-қа жуық жолаушы Шымкенттен ұшып, Ақтауға 13:00-де жетуі тиіс болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан ұшақ бағытын өзгертіп, Атырау әуежайына қонды.

Жолаушылардың айтуынша, оларды ұшақтан түсіріп, Шымкентке кері рейске тіркеу туралы хабарлаған. Шымкент тұрғындары қайтып оралса, Ақтау тұрғындары әуежайда қалды.

Әуежайда қалған жолаушылар SCAT әуекомпаниясы мен оның өкіліне қарсы желілік полиция бөліміне арыз жазған. Сондай-ақ жолаушылар тамақпен, сумен және тұратын жермен қамтамасыз етілмегенін хабарлады.

Кешкі сағат 18:00 шамасында жолаушылардың көбі, негізінен Ақтау тұрғындары, қалаға өз бетінше жетуге мәжбүр болды. Қалған 39 адам Атырау облысы әкімдігі бөлген автобуспен Ақтауға аттанған.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі екпіні секундына 18 метрге жететін қатты желдің салдарынан Шымкент-Ақтау бағытында ұшқан ұшақ Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болғанын хабарлады. Ауа-райы жақсармағандықтан, жолаушыларға рейс құнын қайтарып немесе айыппұлсыз басқа күндерге қайта брондау арқылы жөнелту портына оралу ұсынылды.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)