Әуезов университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов ұсталды.
Желіде М.Әуезов атындағы оқу орнының басшылық қызметтегі екі қызметкері мен екі компания басшысы қамауға алынғаны айтылды.
Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ведомство басшысының айтуынша, тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді. Істің мемлекеттік сатып алуға қатысты екені ғана белгілі.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор