«Бас тарттым»: Дәулет Мұқаев депутаттарға берілетін пәтерде тұрмайтынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 13:51
379
«Бас тарттым»: Дәулет Мұқаев депутаттарға берілетін пәтерде тұрмайтынын айтты жеке мұрағатынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттарға берілетін үйде тұрмайтынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халық қалаулысы үйінің интерьер-дизайнын да көрсетті. 

“Мен депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын. Бас тартқанмын. Өз үйім – өлең төсегім. Үйімдегі шкафтан біршама оқырман ою байқап, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың үйі болған соң, қазақтың "исі" шығу керек. Аспашамды да әдейі шаңырақ етіп жасаттым. Балалар арасында орысша сөйлей бастаса, "әй, шаңыраққа қараңдар" деп отырамын. Байқадыңыз ба, тіпті ноутбуктың стикерлеріне дейін қазақша. Шынымды айтсам, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келгеніме қуанамын. Егер мен 20 жылдардың басында дүниеге келсем, “қазақ қазақ” деп қудалауға ұшырар едім. Біз бақыттымыз. Бірақ көп нәрсенің қадірін түсіне бермейміз", – деп жазды депутат. 

Сонымен қатар депутат балаларының көп тіл меңгеруіне қарсы емес екенін жеткізді. 

"Біздің балалар таза қазақ тілінде сөйлейді, керісінше, орысша сөйлеуге қиналады. Көп тіл білгендері жақсы. Бірақ міндетті емес! Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз, қай тілде білім бересіз, сол тілде сөйлейтін болады. Сол тілде ойлайтын болады. Ана тіліңіз қазақ болса, неге сіз өзге тілде шүлдірлеуіңіз керек? Ал балаңыз ше?! Сіз балаға айнасыз, "бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген сөз бекер емес", – деп ойын білдірді халық қалаулысы. 

Фото: https://www.instagram.com/daulet_mukayev/

«Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты