«Айқай-шу»: ескірген дәстүрлер мен туыстық байланыстардың күші

30.09.2024, 22:46
1680
«Айқай-шу»: ескірген дәстүрлер мен туыстық байланыстардың күші Султан Анарбеков

Гай Ричи, Дэвид Финчер мен Квентин Тарантиноның фильмдері Қазақстанның бір бұрышында түсірілсе, қалай шығар еді?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық прокатқа әзіл арқылы моральдық-этикалық принциптерге сәйкес келмейтін, жойылып бара жатқан дәстүрлер тақырыбын көтеретін, сондай-ақ достықтың және берік отбасылық байланыстардың құндылығын көрсететін «Айқай-шу» криминалдық комедиясы шығады. Фильм прокатқа 2024 жылдың 3 қазанында шықпақ.  

Сюжетте кездейсоқ провинциялық кафеде кездесіп, түрлі қызық жағдайларға тап болып, одан аман шығуға тырысқан екі достың оқиғасы баяндалады. Фильмдегі оқиғалар бір ғана ғимаратта өтеді.  

Сурет: Султан Анарбеков

Фильм криминалдық комедия жанрында, онда Гай Ричи, Дэвид Финчер және Квентин Тарантино фильмдерінде қолданылатын элементтер бар. Бұл фильмнің режиссері Даулет Ислямовтың ерекше стилін аңғартады, аталған картина – оның режиссерлік дебюті. Фильмді түсірген: – LS Production өндіріс компаниясы, бас продюсері – Айдар Қасымов. Фильмнің тілі: қазақ, мақсатты аудиториясы: 16+. Фильмнің музыкалық тректерін рэпер Кисло-Сладкий және т.б. орындайды.  

Басты рөлдерде «5:32» сериалы, «Районы», «Шекер», «Дос-Мукасан» және басқа да фильмдер арқылы танылған актерлер Серік Шарип және Саят Макулбаев ойнайды. Сонымен қатар фильмде «Рэкетир», «Ағайынды» және басқа да қазақстандық картиналардағы рөлдерімен белгілі Нуржан Садыбеков пен «Келінжан» сериалының жұлдызы, G.H.A.D тобындағы музыкалық жетістіктерімен әрі Al Nasr лақап атымен белгілі Назар Шархан да бар.  

Эпизодтық рөлдерде танымал стендап-комик Ғалым Калиакбаров, «Килиманджаро» тобы, тележүргізуші және актер Бексултан Акимжан, «Сержан Братан» веб-сериалының жұлдызы Гульмира Жакилина және басқалар ойнады.  

Сурет: Султан Анарбеков

«Фильм қыз алып қашу және некеге келісімсіз мәжбүрлеу мәселесін көтереді. Заман мене дәстүр тоғысында бұл мәселе ушығып, қоғамның назарын өзіне аудартып тұр. Фильм барлығы үшін жағдайдың өзектілігін көрсетеді. Сценарийдің ерекшелігі, күйеу бала мен қалыңдық емес, үшінші тарап, яғни, қыздың сүйіктісі, оның айналасындағылар мен мәжбүрлі күйеу баланың туыстары – картинаның басты кейіпкеріне айналуында» - деп атап өтті сценарий авторы және продюсер Аскар Малшибеков.  

«Айқай-шу» фильмінің алдын ала көрсетілімдеріне фильмді түсірушілер, актерлер, блогерлер, медиа тұлғалар, журналистер және басқалар қатысты.  

Синопсис: Қалыңдықты тойдан ұрлап кету әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін екі дос қашуға бел буады. Жасырыну үшін олар Ақсу қаласына келіп, сол жерде ақшасыз әрі телефонсыз қалып қояды. Мекеменің әкімшісі қонақтардың бірін жергілікті «дөкейдің» бауыры деп ойлап, достар аяқасты «VIP қонақтарға» айналады, бәрі оларға ұнауға тырысады. Осы сәттен бастап түрлі қызықты жағдайлар орын ала бастайды. Оқиға екі досты қуғыншылар тауып алғанша жалғасады, бірақ аталған «дөкейдің» өзі кафеге келген сәтте бәрі күрт өзгереді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді