Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы қалай бөлінгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
01.10.2024, 11:33
1446
Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы қалай бөлінгенін айтты жеке мұрағатынан

Марқұмның мұрасы бес адамға бөліп берілгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейін ұлдарының тәрбиесі былай тұрсын, тіпті коммуналдық қызметтерді қалай, қайда төлейтінін білмегенін жасырмады.

Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде, «бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді» деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің «қорықпа, бәрі жақсы болады» деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар, - деді тележүргізуші.

Одан қалды Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы балалары арасында қалай бөлінгенін де айтты.

Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтеді. Яғни басқа балалары бар ма, болса, олар дәлелдеу керек деген сияқты. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай інісіне еншілерін берді ме деп сұрайды, жоқ, берген жоқ. Мен оларды түсінемін, себебі олар да Қайрекеңнің балалары, қалыптасқан тұлғалар. Бір қызығы, ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді, - деді ол.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды