711

Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмаған

Қарағандыда көшеге тасталған нәресте тексерістен соң анасына қайтарылды. Бұл туралы E-karaganda.kz сайты мәлімдеді.

Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмаған
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 ақпан кешке тұрғын үйдің кіреберісінен жаңа туған сәби табылды. Баланы ата-анасы дәл кіре берісте конверт жазып қалдырып кеткен.

Сәбиді үйіне қайтып келе жатқан тұрғын тауып алған. Келесі күні полицейлер бұл әрекетті жасаған баланың ата-анасын тапты. Олар 22 жастағы бойжеткен мен 29 жастағы қарағандылық болып шықты. Кейін белгілі болғандай, ер адам үйленген екен, ал 22 жастағы қызбен қарым-қатынаста болған, салдарынан қыз жүкті болып, бала босанған. Баланың әкесі өз отбасынан кеткісі келмей, сәбиді тастап кетуді шешкен.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті "Өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайда өзін-өзі қорғай алмайтын адамды қасақана көмексіз қалдыру" бабы бойынша тергеу жүргізді. Жақында қылмыстық іс жабылып, бала анасына қайтарылғаны белгілі болды. Мұны Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы мен полицейлер де растады.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, прокурордың қаулысымен оны тоқтату туралы қаулы шығарылды.  Баланы қайтару мәселесі полицияның құзыретіне жатпайды, бұл шешімді қорғаншылық және қамқоршылық органдары қабылдады", – деді полиция.

Баланың анасы да, әкесі де ешқандай жаза алмаған. Мұндай шешімге олардың шын жүректен өкінуі, сәбидің ешқандай жарақат алмағаны себеп болған көрінеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор