Сәулеттік қазан: осы күздің маңызды оқиғасы Алматы мен Ташкентте өтеді

01.10.2024, 13:45
599
Сәулеттік қазан: осы күздің маңызды оқиғасы Алматы мен Ташкентте өтеді ARCHICA

Сәулетшілер, дизайнерлер, құрылысшылар және девелоперлер үшін 2015 жылдан бері бесінші рет өткізіліп келе жатқан ARCHICA 2024 Халықаралық сәулетшілер конгресі жаңа бір қырларынан таныла түскендей. Бір сөзбен айтар болсақ, бұл конгресс мәртебе, бедел және байсалдылық деген ұғымды білдіреді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпқойлар мен индустрия көшбасшыларын біріктіре алған осы бірыңғай алаңшада талқыланатын тақырыптардың фокусы да, өткізу географиясы да кеңейе түсті.

Мәселен, ARCHICA биыл, 2024 жылы 10 қазанда Алматыда, The Ritz-Carlton қонақ үйінде және 14 қазанда Ташкентте, Hyatt Regency отелінде өтеді.

Алматыдағы іс-шараның негізгі тақырыптары:

• Өңірлік білім беру және зерттеу хабтарының бүгіні мен болашағы

• Сәулет және қала құрылысы құралдары арқылы аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру әдістері

• Инвесторлар, девелоперлер және мемлекеттік органдар арасындағы кооперация тетіктері

• Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктердің өзара іс-қимылы

• Сәулет білімінің сапасы, сәулетшілер мен дизайнерлерге арналған қосымша білім беру платформасы.

Панельдік пікірталастар барысында аумақтарды дамытуға жеке және мемлекеттік инвестицияларды тарту, білім беру архитектурасының адами капиталды дамытуға әсері, сәулет пен Super Skin өзара байланысы, қалалық ортаны абаттандыру мәселелері талқыланады.

Ташкентте сарапшылар келесі тақырыптарды қозғамақ:

• Туристер легіне арналған тартылыс нүктелері: ғимараттарды көрнекті ететін не нәрсе

• Қалалардың ДНК-сын не құрайды

• Тұрақты архитектураны құру және өзгермелі климаттық жағдайларда жасыл қағидаларды енгізу

• Болашақтың офистері.

ARCHICA сессияларына Еуропа мен Орталық Азияның сәулет және дизайн әлемінің жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында Novaya Labs негізін қалаушы Иван Курячий, ирланд-поляк Тhe Big Picture бюросының серіктестері және сәулетшілері Роберт Чула, Магда Кмита және Андрей Баркер, жол қозғалысы инженері және Urban Movement негізін қалаушы Джон Дейлз, Search жобалау зертханасының негізін қалаушылар мен басқарушы серіктестері және Skoltech мамандары Екатерина Симакова мен Антон Захаров, AI амбассадор және Ind бас сәулетшісі Николай Фанеев, Lenz Architects директоры Дамир Үсенов, Saraiva + Аssociados португалдық фирмасының аймақтық директоры Сава Йович, жетекші британдық Haileybury мектебінің директоры Иан Хант, Basire Design Group негізін қалаушы Алексей Ивженко, "САД" сәулет студиясының негізін қалаушы Максим Олтян, "ARC Architects" сәулет бюросының басшысы Бобир Клычев және басқалары бар.Қазақстанның облыстары мен қалаларының, сәулет және құрылыс басқармаларының, сондай-ақ қалалардың дизайн-кодтарын әзірлеуге тартылған құрылымдардың бас сәулетшілері үшін конгресс аясында дәрістер блогы және "Қалалардың дизайн-кодтары" дөңгелек үстелі құрылды. Дөңгелек үстел жұмысына еліміздің түкпір-түкпірінен өңірлік атқарушы билік органдарының өкілдіктері қатысады. Дизайн кодтары сияқты елеулі қоғамдық маңызы бар мәселелерде мемлекеттік құрылымдардың хабардарлығын арттыру - конгрестің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі.

ARCHICA 2024 миссиясы - аймақтың архитектуралық мұрасына назар аудара отырып, сәулет қауымдастығын қолдау және дамыту. Халықаралық конгресс үздіксіз білім алуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға арналған заманауи платформа болмақ. Іс-шараға қатысушылар жаңа білім алуға , дизайн және сәулет саласындағы заманауи технологиялармен танысуға мүмкіндік алумен қатар, жаңа идеялар мен жобалардан шабыт алу, сондай-ақ өндірушілердің көрмесіне бару мүмкіндігіне ие болады.

Конгрестің толық бағдарламасы ARCHICA сайтында қолжетімді, онда сіз тіркеуден өтіп, осы маңызды іс-шараның қатысушысы бола аласыз.

Конгрестің әріптестері: Amat Design Curam (ADC), IART, Citix, Saraiva+Associados, Arlight, Usmanov Architects, MEGA Smart, Equitone, Kingspan, Signify, ComTechOff.

Конгреске қатысушылар: Novaya Labs, IND, STEMPS, Skoltech, Lenz Architects, Basire Design Studio,  «САД» студиясы, ARC Archirects,  «Полис» институты.

«Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО)