Қазақстандағы геологиялық барлаудың күрделілігі мен келешегі: ішкі көзқарас

01.10.2024, 20:09
584
Қазақстандағы геологиялық барлаудың күрделілігі мен келешегі: ішкі көзқарас Minerals Operating

Қазақстанның геологиялық барлау саласының алдында елеулі сын-қатерлер тұр. Бұл саланың баяу даму қарқыны, қаржыландырудың жетіспеушілігі, қорлардың сарқылуы, кадр тапшылығы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Minerals Operating компаниясының басқарушы серіктесі Александр Ким геологиялық барлаудың ағымдағы жай-күйі, салаға қатысты жаңа сын-қатерлер және «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі туралы өз пікірімен бөлісті. 

Александрдың айтуынша, 2017 жылы қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдерін едәуір жеңілдетті. Бұл жеке инвестициялар көлемінің ұлғаюына, юниорлық геологиялық барлау компанияларының пайда болуы үшін жағдайлардың жасалуына, халықаралық есептілік стандарттарына көшуге және «бірінші өтінім» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану  құқығын берудің лицензиялық тәртібінің енгізілуіне әкелді.

Алайда геологиялық барлау жаңа тәсілдер мен инновациялық шешімдерді талап етеді, өйткені қазіргі кезде кен орындарының көпшілігіндегі жұмыс өшу сатысында:

«Бөлінбеген қорда негізінен технологиялық және экономикалық факторларға байланысты өндірілуі қиын қорлары бар объектілер қалды. Тау-кен кәсіпорындарының шикізат базасының орны толтырылмауын да ескеру өте маңызды», – деп есептейді спикер.

Сондай-ақ спикер отандық кәсіпорындардың өндірістік процестерді жаңғыртуға мүдделі емес екенін атап өтті. Барлау жұмыстары басталған сәттен өндіріс іске қосылғанға дейінгі толық цикл 10 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін:

«Елестетіп көріңізші, сізге жер учаскесі беріледі, ол жер туралы тек үстірт білесіз. Сіздің міндетіңіз – қолда бар деректерді бағалау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге таңдаған тәсіліңіз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алу және шектеулі қаржылық, кадрлық және уақыт ресурстары жағдайында жұмыс істеуді бастау. Егер жолыңыз болса, сіз ресурстарды табасыз, бірақ олар экономикалық құндылыққа ие бола ма? Жауапкершілікті көп адам қабылдай бермейді, ал гипотезаларды тексеру арзан нәрсе емес».

Қазақстанның геологиялық әлеуеті орасан зор, бірақ инвестицияларды тартуға және тұтастай алғанда елдің бизнес-ахуалын жақсартуға ерекше назар аудару қажет:

«Инвестициялар — бұл сенім, әріптестер мен елге деген сенім туралы. Мен бизнесті жүргізудің жайлылығын айтамын, оған: бюрократия деңгейі, инфрақұрылымның дамымауы және т.б. сияқты көптеген факторлар әсер етеді. Елдің кең аумағы мен геологиялық әлеуетіне қарамастан, инвесторларды шақырған кезде бізге үнемі Қазақстанды жарнамалап, стереотиптерді жоюға тура келеді. Халықаралық қаржы институттары негізінен шетелдік сарапшыларға сенеді. Сондықтан мен Қазақстанда бүкіл әлемде сенім артатын жоғары білікті мамандарды даярлауды өзімнің жеке міндетім деп санаймын».

Спикер «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңының маңызды рөлін айрықша атап өтті. АХҚООрталық Азия мен Шығыс Еуропадағы жетекші қаржы орталықтарының бірі, бұл инвесторлар үшін өз инвестицияларын сақтау және капиталды ұлғайту бойынша өзіндік кепіл болады: «Қаржы орталығының юрисдикциясы инвесторға өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді, яғни ол реттеу жүйесімен және ағылшын құқығымен таныс, өйткені ойын ережелерін түсінген кезде бизнесті бастау да жайлы ғой. Шын мәнінде, сондықтан біз және біздің серіктестеріміз бірлескен кәсіпорынымызды құрудың бастапқы нүктесі ретінде АХҚО аумағын таңдадық. АХҚО Халықаралық төрелік орталығының рөлі де маңызды, өйткені кез келген шетелдік әріптес даулы мәселелер туындаған жағдайда, оларды шешу жолдарын білу үшін қай юрисдикцияда және қандай құқықтық база негізінде жұмыс істейтінін міндетті түрде сұрайды».

Қаржы орталығының юрисдикциясы аясында Minerals Operating MSA-Group-пен бірлесіпMSA-Minerals Consulting бірлескен кәсіпорнын құрды. Бұл бірлескен кәсіпорынҚазақстанда алғаш ашылған Оңтүстік Африка Республикасындағы ең көне компания.

Кадрларға келетін болсақ, Александр салада жетілген және тәжірибелі мамандардың тапшылығын атап өтті:

«Бүгінгі күні елеулі жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандардың саны артып келеді. Менің жеке пікірім, жас маман далалық тәжірибеден міндетті түрде өтуі керек, содан кейін басты назарды аналитикалық қабілеттерді дамытуға аударуға болады».

Кәсіби шеберлікті дамытудың тағы бір маңызды факторы оқуға деген құштарлық болуы керек деп есептейді спикер:

«Ағылшын тілін білу біздің кәсібімізде әлдеқашан нормаға айналған, өйткені бағдарламаларды негізінен батыстық компаниялар жасайды. Сонымен қатар, кен орындарын игерудің жаңа құралдары мен балама тәсілдері үнемі пайда болуда. Біз Big Data дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, олармен жұмыс істеу керек. Сондықтан жастарға өз білімдері мен дағдыларын осы бағытқа жұмылдырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға кеңес берер едім».

Саланың болашағына қатысты Александр Ким жастардың салаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын және нарыққа жаңа ойыншылардың: инвесторлардың, сервистік компаниялардың келіп жатқанын атап өтті:

«Олар технологиялар трансферті және тәжірибе алмасу арқылы жүйелі экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Әрине, кез келген саладағыдай қиындықтар бар, бірақ Қазақстан табиғи ресурстарға бай. Аталған сын-тегеуріндер шетелдік инвесторларға үрей туғызбайды, өйткені бұл өте перспективалы бизнес. Сондықтан біз үшін қазақстандық инвесторлар мен компаниялар өз елінің жерін игеруге инвестиция салуы ең бастысы болуы керек».

Қорытындылай келе, спикер жасанды интеллект пен цифрландырудың саланы дамытудағы негізгі тірек факторлары ретіндегі рөлін атап өтті: «Соңғы жылдары біз салада тәжірибе алмасу мен технологиялар трансфертін байқап отырмыз, бұл шетелдік ойыншылардың келуінің нәтижесі. Мысалы, алаңдық жұмыстарды жүргізу үшін дрондарды пайдалану және ESG-стандарттарға көшудің қажеттілігі».

«Үлгі алатын жалғыз адам»: Айдар Тұрғамбек медреседе балаларға аяқ уқалатқан ұстаздың туысы боп шықты «Тұрғындар қайықта, ал балалар сабаққа бармайды»: Ақтөбе су тасқынымен күресіп жатыр (ВИДЕО) ХҚКО-да кезек күту уақыты 2 сағаттан 40 минутқа қысқарған Ербаян Мұхтар туралы қуанышты жаңалық жетті Мұсылмандар 2030 жылғы оразаны екі рет ұстайды «30 градус ыстық»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды Әйелдерге 7-8 баладан туыңдар деген әнші Айдар Тұрғамбек көптің сынына ұшырады Танымал әншінің қарындасы екі бала күтушісінің бір күнде үйін тонап кеткенін айтты «Шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы сырды ақтарды Елдегі 13 мыңнан астам адам таңғы сәресін Нұрлан имаммен бірге өткізді «Басқа әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым»: Баян Алагөзова бірінші некесі туралы шындықты айтты «Сенсіз өткен 40 күн»: Бағым Мұхитденова күйеуінің қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шықты Даңқты даталар жылы: Ұлттық музейде тарихи көрме Экологияны ойлайтын жандардың жәрмеңкесі: Дармарка жайлы білесіз бе? «Соғысты тоқтату мүмкін қолымыздан келеді, мүмкін келмейді»: Ертең Трамп Путинмен әңгімелеспек Өлді деп тіркелген 34 жастағы ер адам мәйітханада тіріліп кетті Мәслихат депутаты 1 млрд-қа жуық мемлекеттің ақшасын «жеген» Алматыда ұландық офицер әйелді ажалдан құтқарды Елге белгілі әнші Рамазан Стамғазиев Алматыда таксист боп жүр Қыз зорлап сотталған полиция бастығының әйелі де қылмыс бойынша тергеліп жатыр