Сот АЭС-ке қарсы митинг өткізу туралы жазбаларды бөліскен белсендіні 10 күнге қамады

02.10.2024, 10:16
646
Сот АЭС-ке қарсы митинг өткізу туралы жазбаларды бөліскен белсендіні 10 күнге қамады жеке мұрағатынан

6 қазанда референдум өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында тұратын белсенді Серік Ыдырышевтің үйіне полиция барып, әлеуметтік желіде АЭС-ке қарсы митинг өткізу туралы жазбаларды бөліскені үшін оның үстінен хаттама толтырды.

Белсендіге "бейбіт жиын ұйымдастыру туралы заң талабын бұзды" деген айып тақты. Түсте аудан орталығында соты өтіп, оны 10 күнге қамады. Ыдырышев әркімнің пікір білдіру еркіндігі бар деп, айыпты мойындамаған.

Ыдырышев үйіне полиция келгенде Facebook желісінде тікелей эфирге шыққан. Видеодағы полиция өкілі "Төребек Сағындықовтың видеосын Facebook парақшаңызға қойғансыз, 13 қыркүйекте халықты митингіге шақырғансыз. Сол бойынша сізге хаттама толтырамыз. Қаулыны сот шығарады" деп айтады.

– Бұл хаттаманы заңсыз деп санаймын. Саяси қудалаудың нәтижесі. Өйткені елімізде болып жатқан жағдайларға көзқарасымызды ашық айтып жүргеніміз үшін саяси қудалау деп есептеймін, – дейді видеода Серік Ыдырышев.

Белсенді екі апта бұрын жариялаған видеосына полицияның референдум таяған сәтте келуі – мәселенің саяси астары барын білдіреді деп санайды.

 

6 қазанда Қазақстанда "АЭС құрылысын салуға келісесіз бе?" деген жалғыз сұрақ бойынша референдум өтеді. Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша халық пікірі сан алуан. АЭС-ке қарсылар ескі инфрақұрылымды жаңартып, энергия тиімділігін арттыруға болады, жасыл энергия нарығында да потенциалды жобалар көп дейді. АЭС-ті жақтайтындар Қазақстанда энергия тапшылығы барған сайын ушыға бермек, атом энергиясы жылу және су электр станцияларына балама бола алатын тұрақты энергия көзі, жел мен күн энергиясы өндіретін қуат тұрақсыз деген уәж айтып жүр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергия өндірудің бұл түріне қолдау білдіріп, Қазақстан "энергия көзінің сенімді де экологиялық таза түріне" мұқтаж екенін, АЭС "экономиканың жылдам өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыратынын" айтқан.

Көпшілік АЭС салуды жақтаған жағдайда реакторды кім салатыны әзірге белгісіз. Қазақстан билігі төрт ел – Ресей, Қытай, Франция мен Оңтүстік Корея әзірлеген ұсыныстар бар деп хабарлаған. Кей сарапшы таңдау Ресейдің "Росатом" компаниясына түседі деп қауіптенеді. Олар Қазақстандағы АЭС-ті "Росатом" салса елдің Мәскеуге тәуелділігі арта ма деп сескенеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды