«Өліміне дайын болмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын айтып, жылап қалды

Аиса Махамбет Редактор
02.10.2024, 15:30
837
«Өліміне дайын болмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын айтып, жылап қалды бейнежазбадан алынған кадр

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына қатысты жан сырын ақтарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, сұқбат кезінде жылап қалды. Өнер иесі бүгінде отағасының жоқтығы қатты сезіліп жатқанын жасырмады. 

"Қайреке сияқты денсаулығын күткен адамды мен көрген емеспін. Жылына екі рет толық тексерістен өтіп, қажет вакциналарды алып тұрды. COVID-19-ға қарсы екпені де алды. Бірақ бұл дерт вакцина салғаннан кейін де жеңіл түрде өтуі мүмкін екен. Одан кейін ағзаның көп нәрсеге иммунитеті төмен болады екен. Жолдасымның өліміне дайын болмадым. Алдымен қабылдауға жету жолында құдайдың ісіне қарсы шығып, ашуланасын. Бұл күйзеліске толы кезеңнен өту үшін біраз уақыт кетеді”, – деді журналист. 

Сондай-ақ медиа маманы марқұм жолдасы ұлдары Сағадат пен Сардардың көз алдында жан тапсырғанын айтты.

“Әкелерінің ақтық демі үзілгенде екі ұлы да жанында болды. Мен болмадым. Сол кезде балалар қатты қорқып қалған. Баламның мектебінің директорынан бастап, психологтарына дейін үйге келіп, көңіл айтты. Мен өзім ештеңені түсініп жатпадым, күйзелісте жүрдім. Сол кезде “Ләйлә ханым, балаларға алаңдамаңыз. Олар психологпен жұмыс істеп жатыр. Мына кезеңнен өту үшін балаларға біз көмектесеміз” деді. Қатты таңғалып, алғысымды білдірдім. Өйткені менің әкем дүниеден өткенде олай мектептің психологтары келіп, бізбен жұмыс істемеген. Әлде біздің кезімізде директор басқа болды ма?! Қатты риза болдым баламның білім алатын мектеп ұжымына”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді