«Бел бекер жуандап, қалың әжім жайдан жай түскен жоқ»: Роза Әлқожа туған күні қарсаңында жан сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
02.10.2024, 17:35
1110
«Бел бекер жуандап, қалың әжім жайдан жай түскен жоқ»: Роза Әлқожа туған күні қарсаңында жан сырын ақтарды жеке мұрағатынан

Танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа жаңа жасын тойлап, ел алдында есеп берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі сөз басын жеке өмірінен бастап, шығармашылығына да тоқталды. 

“Біреуге ерте қонған әншілік бақ маған кеш қонғанымен, отбасылық бақыт маған ерте бұйырды. Он тоғызымда келін атанып, жиырма жасымда ана болдым, шүкір! 33 жасымда бес баланың анасы, Алматы-Астанада бес үлкен кеш берген әнші-сазгер, аты-жөні белгілі тұлғаға айналдым. Екі жүзден әннің орындаушысы, жүзден астам әннің авторы. Отызға жуық бейнебаяны бар, оннан астам альбом шығарған еңбекқор жан ретінде өзіме разымын! Жүрегіме, санама, ақылыма, сезіміме, төзіміме алғыс! Кей жолдарды қалай жүріп өткеніме бүгін таңырқап қарап қоямын! Кей жерлерде қалай төзгеніме қазір қайран қаламын! Мұның барлығы – махаббаттың арқасы! Мұның барлығы кіршіксіз сенген, күткен, жеткен Розаның арқасы!", – деп ағынан жарылды әнші. 

Сонымен бірге өнер иесі өмірдегі қиындықтарын да айтып өтіп, сынақта сүрінбегеніне тәуба етті. 

“Сына қаққанда сүрінбеуге, ізін баққанда бүлінбеуге тырысқанымен, өмір тек еркелетіп отырмады. Өзіне тән қошеметі, өзіне лайық қиындығы, өзіне тән сынағын қоса берді. Бел бекер жуандап, қабақтағы қалың әжім жайдан жай түскен жоқ… Бір Аллаға ғана тәуекел еткен жанның бағасын беруші де, несібесін жеткізуші де – халық. Бұл берген жолдарды, бұл киген киімдерді, өңдеткен әндерді, түсірген бейнебаянды бір адам ғана қолдап жасап бере алмас еді. Оған жомарттығы жетпес, мұнша дәрежеге жеткізуге ниеті де болмас?!. Бұл – үздіксіз хәм ұзақ жылдар жүрген жолдар жемісі, бітпеген төзім мен үзілмеген үміттің жеңісі!”, – деп жазды өнер иесі.  

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады