Абай Бегейді танытқан «Аспанға қараймын» әнінің авторы такси жүргізіп жүр (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
02.10.2024, 18:34
1130
Абай Бегейді танытқан «Аспанға қараймын» әнінің авторы такси жүргізіп жүр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Абай Бегей өзін атақты еткен ән авторына ақша бергісі келмеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Абай Бегейдің бағын ашқан «Аспанға қараймын» өлеңіне ән жазып берген композитор қазір такси жүргізушісі болып жүр. Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасында белгілі болды.

Күнкөріс қамы үшін композитор Дәуір Абайұлы қазір такси жүргізеді. 

«Шынын айтқанда, қазір шығармашылықтан жырақтап қалдым. «Аспанға қараймын» әні хит болды. Бірақ, маған одан келген пайда «Қызылорданың Дәуір деген жігіті екен» деген халықтың сөзі ғана. Одан басқа байлығы да, пайдасы да болған жоқ. Абай Бегеймен қазір қарым-қатынасымыз қатты жақын деп те айта алмаймын. Бір-екі рет көмек сұраған соң «жоқ» деді, мен қойдым. Ол осы әннің арқасында жағдайын жасады. Бір хабарласып, «Дәке, қалайсың?» деп сұрауға болар еді. Ақшалай көмек сұрағанымда «жоқ» деді. Оған дейін де арамызда түсінспеушілік, кикілжің болғаны рас», - дейді композитор Дәуір Абайұлы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.

Композитор қазір несиеге алған көлігімен күн көріп жүрмін дейді. 

«Табысым өзіме жетеді. Несиеге алған көлік, айына 148 мың теңге төлеймін. Барлық несием 298 мың теңгеге тең. Күніне 10 мың теңге табамын. «Аспанға қараймын» әні Ұлықпан Жолдасовтың өтінішімен Абай Бегейге берілген болатын. Ұлықпан ағам «Абайдың жасы 40-қа келді, бірақ әлі хит әні жоқ» деген еді. Ол кезде Абайдың жағдайы жоқ болған. Шақырып алып, 5-10 мың теңгем бар еді деді. Артынан одан қанша алғанымды санаған да жоқпын. Солай ұмытылып кетті. Ол кездері Абайға қатты ренжіп жүрдім. Менің атымды жасыруға тырысты. Ол жағдайдан кейін әншілермен жұмыс істегім қалмай қалды. Үкімет тарапынан гонорар түсіп тұрды. Соңғы 6-7 жылда ол да тоқтап қалды. Сондықтан жан-жақтан нәпақа іздеп, такси жүргізушісі болып кеттім», - дейді Дәуір Абайұлы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады