928

Алматыда жылу қашан беріледі? Қала әкімдігі жауап берді

Алматыда күн суыта бастады.

Алматыда жылу қашан беріледі? Қала әкімдігі жауап берді
Istockphoto

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жылыту маусымы басталатын уақыт аталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 7 қазан мен 11 қазан аралығында шаһарда нысандарға кезең-кезеңімен жылу беріле бастайды.

Ең алдымен әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер), сонан соң тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер, әкімшілік нысандар, білім беру мекемелері мен театрлар орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады.

Маусымға дайындық 99%-ды құрайды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор