«9 жыл күткен той»: Айқын мен Жұлдыз үйлену тойларын жасады

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 14:14
773
«9 жыл күткен той»: Айқын мен Жұлдыз үйлену тойларын жасады жеке мұрағатынан

Жұлдызды жұп қайтадан той өткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық шоу-бизнестегі танымал жұптың бірі – Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бағдарлама студиясында үйлену тойын жасады.

Өнер иелері “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қонақ болып, жақындарымен бас қосты. 

“Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, "Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің" деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию", – деді студияға үйлену тойын жасауға келген Айқын Төлепберген. 

Сонымен қатар жұлдызды қалыңдық та тоғыз жылдан кейін арманының орындалғанын айтып, қуанышын жасыра алмады. 

“Жастау кезімде тура біздің басымыздағыдай біреудің оқиғасын естіп едім. Сол кезде "Құдай сақтасын, жоқ, менің басымда мұндай оқиға болмайды. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын. Басымды да, мұрнымды да сұқпаймын" деп айтқаным есімде. Бірақ Алланың өзі мені осылай сынады. Тоғыз жылдан кейін осылай студияда той жасап, ақ көйлек киіп отырғаныма әлі де сене алар емеспін", – деді әнші. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады